Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда мәуліт мерекесіне орай жыршы-термешілер фестивалі өтті

Қазалыда мәуліт мерекесіне орай жыршы-термешілер фестивалі өтті

Қазалы ауданы Түктібаев ауылындағы «Қожа Орынбет Ишан» мешітінің ұйымдастыруымен «Мәуліт – мереке, өсиет-өнеге» атты аудандық жыршы-термешілер фестивалі өтті. Қасиетті Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шараға Қазалы ауданының өнерпаздарымен қатар, көршілес Қармақшы ауданынан да жыршы-термешілер қатысты.
Халықты имандылыққа шақыратын шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйледі.
«Бүгін қасиетті мерекеге орай аудандық жыршы-термешілердің фестивалі ұйымдастырылып отыр. Жыршы-термешілер қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілерін халық арасында белсене насихаттап жүрген өнерпаздар. Осындай өнегелі жандардың өнерін өскелең ұрпаққа дәріптеп, насихаттау – біздің парызымыз. Бұл бір жағынан, асылды ардақтаудың, жыршы-термешілерді бағалаудың үлгісі, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болатындығына сөз жоқ.Сондықтан бүгінгі шарада өнер көрсеткен өзіндік мақамы бар жыршы-термешілерге алғыс айтамыз. Өнер жолындағы алар асуларыңыз асқақтап, халықтың көзайымына айнала беріңіздер» – деді Мұрат Ергешбаев.  
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та сөз сөйлеп, бұл шараның мән-маңызына тоқталды.
Сахна төріне көтерілген дүлділдер Жәнібек Құтмаханов, Гүлбану Досанова, Жанболат Өмірзақ, Едіге Айдаров, Базарбай Нұрым, Сәкен Боранқұлов, Ақан Ербозов, Олжабай Балмағамбетов, Руслан Өтегенов жоғары деңгейде өнер көрсетті. Олар көнеден келе жатқан, имандылыққа, бірлікке, елдікке шақыратын жыр-термелерді орындады.
Байқау соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің найб имамы Бақтияр Саламатов, «Қожа Орынбет Ишан» мешітінің бас имамы Ғабдолла қажы Инаятуллаұлы қатысушылардың барлығына да диплом мен ақшалай сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, шараны өз деңгейіне өтуіне атсалысқан Майдакөл ауылдық клубының директоры, ақын Ермекбай Ағыраев та марапатталды.
10 желтоқсан 2019 ж. 399 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области