Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЯУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ ЭСТЕТ-ШОУ

БОЯУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ ЭСТЕТ-ШОУ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әуесқой суретшілердің қатысуымен «Бояулар  сыр шертеді» атты әдемілік тақырыбына арналған шара өтті. Эстетикалық бағыттағы бұл шараның мақсаты – жастарды сурет өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Бөлімдегі шетелдік және отандық атақты суретшілердің өмір жолы мен еңбектері туралы жазылған әдебиеттерді насихаттау. Бейнелеу өнерінің өміршең екендігін жастарға ұғындыру. Жастардың бойында адамгершілік, әдемілік, сезімталдық қасиеттерін дамытып, қабылдау ерекшеліктерін шыңдау.
    Шара барысында қатысушылардың назарына танымал отандық және шетелдік суретшілердің картиналарының көшірмелері ұсынылды. Картина авторының өмірбаяны мен еңбектеріне қысқаша шолу жасалды. Сонан соң көшірмелер қарапайым адамның көзқарасымен және суретшінің көзқарасымен салыстырмалы түрде түсіндірілді. Шараға сурет үйірмелеріне қатысып жүрген әуесқой суретшілер мен студент жастар қатысты. Әр туындының қыр-сырын жете түсіндіріп, жастарға бейнелеу өнерінің өміршеңдігі жайында сурет үйірмесінің жетекшісі Баян Абуова мен облыстық филармония жанындағы сурет үйірмесінің мұғалімі Нұрбек Тайжан айтып берді.



13 ақпан 2018 ж. 913 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области