Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ТАР ЗАМАН» ТЕЛЕХИКАЯСЫ КӨРСЕТІЛЕ БАСТАЙДЫ

«ТАР ЗАМАН» ТЕЛЕХИКАЯСЫ КӨРСЕТІЛЕ БАСТАЙДЫ


    Алаш қайраткерлерінің тағдырын арқау еткен «Тар заман» телехикаясы 26 наурыздан бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрсетілетін болды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
    «Ең басты үлкен премьерамыз – «Тар заман» атты телехикаямыз. Ол 14 эпизодтан тұрады. Бүгінгі күні аталған телехикаяның ықшамдалған нұсқасы фильм ретінде кинотеатрлардан көрсетілуде. Осыған байланысты әріптестерім әлеуметтік желіде «неліктен кеңірек көрсетпедіңіздер?» деген сұрақтар қойып жатыр. Бірақ, телесериал мен фильм арасында үлкен айырмашылық бар. Біз бұны әу баста телесериал ретінде дайындаған едік. Алайда аудиторияның қызығушылығын ояту мақсатында фильм ретінде ықшамдап, бірнеше кинотеатрлармен келісе отырып, телехикая бірқатар қалаларда көрсетіліп жатыр», - деді Е.Қарин.   
    Оның айтуынша, аталған телехикая өте қызықты драмалы болмақ.
    «Тар заман» біздің эфирге наурыздың 26-нан бастап көрсетілетін болады. Оның кейіпкерлері – бір ғасыр бұрын азаттық үшін күрескен Алашорда қозғалысының көсемі мен мүшелері. Бұл сериалда жалпы 37 тарихи кейіпкер бейнеленген. Ауқымды сериал болғалы тұр. Біздің ойымызша, бұл телехикая жастар аудиториясының ішінде Алашты кеңірек насихаттауға мүмкіндік ашады деп ойлаймыз», - деп түйді телеарна басшысы.

26 ақпан 2018 ж. 1 099 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области