Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАРҒАН ҚЫЗЫЛОРДА

ЖАҢАРҒАН ҚЫЗЫЛОРДА


    Алты алашқа ана болған – Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар. Мерекеге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жаңарған Қызылорда» тақырыбында фото-көрме ұйымдастырды.
   Көрмеге көненің көзі мәдени мұралардың асыл көмбесі талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда облысының мәдени орындары, атап айтқанда, «Шірік Рабат қалашығы», «Жанкент жаңғырығы», «Жент – өркениеттер тоғысқан шаһар», «Үш астана атанған – Сығанақ қаласы», «Қорасан ата кесенесі», «Бегім ана», «Өткір көз, орақ тілді Оқшы ата», «Қорқыт ата ескерткіш кешені», «Азаттық жолындағы ақтаңгер – Жанқожа», «Батыл жүрек Бұқарбай» т.с.с. тарихи жәдігерлермен және Сыр бойынан шыққан ақын-жазушы, жыршы-жырау, әнші-термешілермен де танысуға болады. Көрмеге Қызылорда қаласының тарихынан сыр шертетін әр кезеңдегі 30-ға жуық фотоматериалдар, Сыр өңірінен шығатын әдеби-мәдени көпшілік журналдар қойылды. Алдағы уақытта қаламызда жаңаша үлгідегі салынып жатқан сол жағалау келбетімен кітап көрмесі толыға түспек.

03 наурыз 2018 ж. 913 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области