Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СӘН МЕН САХНА

СӘН МЕН САХНА


   Сән мен сұлулықты тоғыстырған «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі үшінші рет шымылдығын ашты. Жас дизайнерлер сахна стилі мен ұлттық нақышты үйлестірген. Жағасы, жеңі жоқ көйлекті емес, қазақы шапан, бешпентті жарқыртып ұсынған шеберлердің бастамасы қуанарлық. Аймақта сән саласы енді дамып келеді, биылғы жылы небәрі төрт дизайнердің топтамасын ғана тамашаладық.
   «Сән мен сахна» халықаралық фестивалінің онжылдық тәжірибесі, сән әлеміндегі орны бар. Осы уақыт аралығында 50-ден аса сәнгер даярлаған. Аймақтағы шараның да мақсаты белгілі: жас сәнгерлерге қолдау көрсету, отандық, тіпті шетелдік нарыққа дайындау. Байқағанымыз, сән үйлері ұлттық нақышқа ерекше мән берген, себебі ұлттық киім қазір трендте. Алайда, жас дизайнерлер бұл іске білек сыбана кіріспейді.
   − Қазақ оюларының түрі көп. Киіздің, басқұрдың оюы бөлек. Сәукеле мен көйлекке басқа, аяқ киімге басқа ою-өрнек қолданылады. Этникалық стильді таңдаған сәнгер тарихпен танысып, әрбір бедер мен оюды дұрыс пайдалану керек. Әйтпесе, кез келген білімді қазақ ою түрін оңай ажыратады, - дейді фестивальдің бас директоры Ханым Айдаш.
   Арулар сондай-ақ, ақ және қоңыр түстегі көктемгі және күздік көйлектер топтамасын ұсынды. Көрерменді ерекше таңғалдырған туынды қонақ ретінде қатысқан сәнгер Динара Алмусаеваның топтамасы болды. Шығарылым бірде мистикалық кейіпкерлерді, бірде табиғаттың жаратылысын бейнеледі. Фестивальда сәнгерлер «Сыр сұлуы» номинациясы бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Сәнім» сән үйі – ІІІ орын, «Зере» сән үйі – ІІ орын, ал «Қарлығаш» сән үйі жүлделі І орынды иеленді.

«Сыр бойы».
16 наурыз 2018 ж. 1 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области