Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КІТАПҚҰМАР ҚАДЫРБЕК

КІТАПҚҰМАР ҚАДЫРБЕК

Білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы, рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы – бұл теңеулердің барлығы бір ғана құндылыққа, яғни, кітапқа тән айтылған тіркестер.
  Иә, кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ бар білімнің, ғылымның көмбесі. Осындай мәртебесі биік, берген ақылы үшін ақы сұрамайтын адал доспен жиі сырласып жүрген жанның бірі – қазалылық ардагер ұстаз Қадірбек Бекетұлы.
  Қадырбек Бекетұлы 1946 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттің университетінің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Әйтеке би кентіндегі №234 Ж.Жабаев атындағы қазақ орта мектебінде бастап, 40 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарды. Кейіпкеріміздің былайғы жұрттан ерекшелігі – ол кісінің кітапқұмарлығы дер едік.
  Қазір күні Қадырбек ағайдың жеке кітапханасында мың жарымнан астам кітап бар екен. Оны үйіне барғанда көрдік. Олардың бір бөлігі жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, діни, саятшылық тақырыптардағы кітаптар мен түрлі саладағы энциклопедиялар. Жеке кітапхананың басым бөлігін тарихи-танымдық шығармалар құрайды.
Ардагер ұстаз жеке кітапханасында тарихи кітаптардың көбірек болуын, өзінің мамандығымен сәйкестендіреді. Ұзақ жылдар бойы тарих пәнінен сабақ берген мұғалімнің кітапқа деген құмарлығы мен ізденімпаздығы әлі де жоғары.
«Мен кішкентайымнан, бала күнімнен кітап оқуға құштар болып өстім. Ең алғаш Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Жюль Верннің «Су астындағы 80000 километр сапар» атты кітаптарын оқыдым. Оқыдым да кітапқа деген құштарлығым артты. Ұмытпасам, ол кезде мен 4-сыныптамын. Үш-төрт бала сабаққа бірге барып, қайтатынбыз. Жолай кезек-кезек оқыған кітаптарымыз туралы айтып үйге қалай жеткенімізді аңғармаушы едік. Ең алғаш оқыған орыс тілді кітабым Сальковтың шығармасы болатын. Онда екі генералдың шаруаны асырауы жазылады.
  Зейнеткерлік демалысқа шыққан соң қол босады да кітапханаға бұрынғыдан да жиі баратын болдым. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі ғой. Мен кітап оқуымен қатар газет беттеріне мақала, естеліктер жазып тұрамын. Былтырғы 2017 жылы «Ли-Медиа» баспасынан «Басықара батыр – ел есінде» атты кітабым жарық көрді.
Сыр елінің белгілі батыры, би әрі әулие Басықара Құрманұлының ұлт-азаттық көтерілісінің белгілі тұлғаларының бірі екендігі ауыз әдебиетінде көп айтылады. Бұл кітап қазір Астана қаласында өтетін кітап көрмесіне жіберілді», – дейді Қадырбек Бекетұлы.
  Ардагер ұстаздың кітап сөресінен газет-журналдарға шыққан тарих және пеагогика тақырыптарындағы көптеген мақалалардың қиындыларын да кезіктірдік. Олардың арасында тіпті, 1939 жылы шыққан «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы да бар. Бүгінгі күні кітапқұмар ағамыз халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Тойбазар Елемесовтің «Аралдағы айқас» кітаптарын оқу үстінде екен.
  Кітаптан асқан ең сабырлы ұстаз, үндемес серік жоқ. «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» – деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.
«Кітап – әр адамның өмірлік досы» дейді заманының заңғар жазушысы М.Әуезов. Сондықтан, адал достан айырылмай, әрдайым оған жақын жүрейік.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА,
Қазалы ауданы
26 сәуір 2018 ж. 801 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области