РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТІРЕГІ – ҰЛТТЫҚ ТІЛ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді.
Шараға Сыр бойының белгілі ақын-жазушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент-жастары, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеш барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі және «Болашақ» университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан студент-жастары мен ақындар арасында емін-еркін сыр-сұхбат жүргізілді. Жастар әдебиет пен өнер, ақындық пен сазгерлік жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Сыр бойы ақын-жазушыларының шығармашылығы, ана тіліміздің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі, сазгерлер мен ақындардың өзара байланысы жайлы да сөз кеңінен қозғалды.