«Томирис» Абу-Дабиде өнер көрсетуде
Қызылордалық «Томирис» би ансамблі Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Заид атындағы мәдени фестивальде өз өнерлерін көрсетуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Фестиваль Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық ұйымының ұйымдастыруымен өтуде. Халықаралық фестиваль ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап, келер жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.
Аталған іс-шараның мақсаты 2 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық күнінің тойлануына орай және оның халқы мен қонақтарын әлем елдерінің ұлттық мәдениеттерімен таныстыру болып табылады. Қазақстан аталған іс-шараға осымен төртінші рет қатысуда.