Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдік «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылды

Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдік «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылды

Астанада атақты «Notre Dame de Paris» француздық-канадалық мюзиклдің қазақ тіліндегі премьерасы өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы музыкалық жобасын жас та болса танылып үлгерген ұжым - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Астана Мюзикл» театры ұсынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерар Пресгурвиктің даңқын өрлеткен «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті сахналаған «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана Мюзикл» театры, композиторы Р.Коччанте, либретто авторы Л.Пламондонмен бірлесіп, әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклін тұңғыш рет қазақ тілінде көрерменге ұсынды. Әлемдік деңгейде танымалдыққа ие туынды көрерменді бейжай қалдырмасы анық. Алғашқы қойылымынан-ақ үлкен табысқа қол жеткізген мюзикл Гиннестің Рекордтар кітабына енген. Дүниежүзі бойынша 11 миллионнан астам көрермен тамашалап үлгерген үздік шедевр әлемнің тоғыз тіліне аударылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел болып отыр. Астана тойына тарту ретінде сахналанған мюзикл – француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған әр көріністегі әуен «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық әннің әуені тыңдарманды бірден баурап алды.
Туындыны сахналау үшін 70-тан аса өнерпаз атсалысты. Әртістер, бишілер мен аккробаттар және солистер бар өнерін ортаға салып, көрерменді тәнті етті. Солистерді мюзикл композиторы Риккардо Коччантенің өзі іріктеген.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында тәуелсіз Қазақстанның мәдени тарихында тұңғыш рет әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тілінде сахналануы еліміз үшін үлкен мәртебе. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдолла бұл мюзикл әлемді тамсандырып, 11 млн. Астам көрермендер тамашалады. «Мюзикл алғаш рет қазақ тілінде қойылды. Бұл біздің ел үшін ғана емес, Орта Азия үшін үлкен жетістік. Қойылымды солтүстік аймақтарда ғана емес, батыс өңірде, Алматыда көрсету жоспарымызда бар. Келесі жыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы болатындықтан, мюзиклді Ташкентте қоюды жоспарлап отырмыз» деп атап өтті Жеңіс Сейдолла.
Атақты француздық-канадалық мюзикл 2018 жылғы 18-24 желтоқсан күндері аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында қойылады.


19 желтоқсан 2018 ж. 559 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области