Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық өнерпаздар Түркияда

Қызылордалық өнерпаздар Түркияда

Түркітілдес елдердің қатысуымен өтетін камералық оркестрлер фестиваліне Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі қатысып жатыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

16-27 ақпан күндері Балқан түбегіндегі Босния-Герцеговина, Сербия, Венгрия мемлекеттерінде Түркітілдес елдердің қатысуымен өтетін камералық оркестрлер фестиваліне Қазақстан Республикасы атынан Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі қатысып өнер көрсетуде.
Сондай-ақ, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің директоры Әліш Сәукен Түрік елінде өткен “Заманауи музыкалық шығармашылықты дамытудағы тәжірибе алмасу” тақырыбындағы халықаралық семинарына қатысу құрметіне ие болды. Композиторды онда Түркі мәдениетінің «ТЮРКСОЙ» халықаралық ұйымы басшылығы және ҚР Композиторлар Одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек арнайы шақырған.
Аталған семинарға Қазақстан Республикасы бойынша 7 композитор қатысты.


19 ақпан 2019 ж. 564 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области