«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: КЕУЛІМЖАЙ БОТАБАЕВ
Еліміздің баянды болашағын қамтамасыз ету мен саяси экономикалық даму қарқынын сақтап қалудың алғы шарты рухани жаңғыруда жатыр. Сол себепті де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында осы мәселеге айрықша мән берілген. Онда «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген еді. Осы төңіректе біз де «100 жаңа есім» жобасына үміткерлердің тізіміне енген жерлесіміз Қaзaнғaп aтындaғы Қызылopда мyзыкaлық жoғapы koллeджiнiң дирeктopы Кеулімжай Ботабаевты таныстыруды жөн көрдік.
Кеулімжай Шалтақбайұлы қызметтік мансабын 1979 жылы арнайы байқаудан өтіп, мемлекеттік симфониялық оркестрден бастаған болатын.
Сол секілді ол консерваторияда спортпен шұғылданып, бірнеше халықаралық турнирлерде бақ сынап, жүлделі орындардан көріініп жүрді. Одан кейін Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, Қызылорда қаласына оралып, музыкалық училищеде еңбек ете бастады. 1986 жылы «Сыр сұлуы» делегациясымен бірге Йеменге мемлекетіне барып, сол елдің көрермендерін қазақ өнерімен сусындатып қайтты. Сол жылы алғаш рет музыкалық училищеде камералық ансамбль мен камералық оркестрлік сыныбын ашып, сутденттер қабылдады.
Кеулімжай Шалтақбайұлы еліміздің барлық өңірлерінде өнер көрсетіп қана қоймай, Еуропаның бірқатар сахналарында, Ресей елінің көптеген қалаларында болып қайтқан. Тәжірибесін шыңдаған ол халық аспаптары оркестірне жетекшілікке келді.. Ал 1999 жылы облыс әкімі оны жеткен жетістігін ескере отырып Қызылорда музыкалық колледждің директоры қызметіне қойды. Осы өңірдегі өнерді дамытуға қосып жүрген орасан зор үлесі үшін «Өнер қамқоршысы» атағына ие болды, сол секілді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Композиторлар одағының атынан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.
Ал 2018 жылы «Түрксой» халықаралық ұйымының 25 жылдығына орай Түркияда өткен концертке қатысып, осы іс –шараға сіңірген еңбегі еленіп, М.Төлебаев атындағы медальға ие болды. Кеулімжай Шалтақбайұлы осыдан он жыл бұрын Қызылорда облыстық филармония жанынан алғаш рет халық аспаптар оркестрін құрды. Ал 2014 жылы камералық оркестрді ұйымдастырды. Бүгінгі күні бұл оркестір республикамыздың түкпір-түкпірін, сол секілді шетел сахналарында өнер көрсетіп жүр.