«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – азаттықтың самалымен тыныстап, егемендік алған жылдар ішінде табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобада нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.
«Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш», - деген болатын.
Бағдарлама басталған 2017 жылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына 2000-нан астам үміткер қатысып, олардың ішінен 300 азамат арнайы комиссияның сараптауынан өткен. Үш апта ішінде 342 910 адам 1 376 396 дауыс берген. Дауыс беру нәтижесінде өткен 2017 жылы 102 жеңімпаз анықталған болатын. Жеңімпаздардың 102 болу себебі, онлайн дауыстардың қорытындысы бойынша 2 үміткер жеңімпаз жинаған дауысқа өте жақын болғандықтан қосылды.
Жобаны Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асыруда.
Айта кетейік, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы жобаға қатысушы үміткерлерді тіркеу жұмыстарын бастап кетті.
Қазіргі таңда аймақта өз саласында лайықты табысқа жеткен 13 үміткерді тіркеді. Олардың есімдерін сараптау комиссиясынан өткеннен кейін 100 esim.el.kz порталында дауыс беру арқылы білесіздер.
Бұл үміткерлерді біз нағыз табысқа жеткен жандар деп сенім артып отырмыз. Олардың арасында Илья Ильин, Элизабет Тұрсынбай, Ғалымжан Бәйімбет, Қамшыбек Қоңқабаев, Мағжан Ералиев, Сағатбек Қуанышбайұлы сынды жастарымыз бар.
Олардың әрқайсысы да бүгінгі күннің жеңімпаздары деп білемін.
Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжастың айтуынша, «100 жаңа есім» республикалық жобасының 2017 жылғы жеңімпаздарды жыл бойына халықпен түрлі кездесулер өткізілген.
– Әрбір кездесудің тағылым аларлық тұстары көп болды. Рас, тарихи тұлғаларға толы Сыр өңірінен өткен жылы небәрі 4 жеңімпаз табысты деп танылуы аздық етеді. Сондықтан жобаның биылғы екінші кезеңіне барынша белсенділікпен қатысуға және табысты тұлғаларды танытуымыз тиіс, - деп түйіндеді сөзін.