Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ НҰСҚАСЫ ЖАСАЛАДЫ

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ НҰСҚАСЫ ЖАСАЛАДЫ


Алдағы уақытта Сыр өңірінде «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов және аймақтың «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас мәлімдеді.
Нақты кезеңде бұл жоба тек республика деңгейінде ғана іске асырылуда. Ал алдағы уақытта жобаның форматын жетілдіріп, әр сала бойынша қала және аудан көлемінде табысқа жеткен азаматтарды анықтау үшін жұмыс жасалатын болады.
Биыл аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы жобаға қатысушы үміткерлерді тіркеу жұмыстарын бастап кетті. Қазірге дейін әр салада табысқа жеткен 13 үміткер тіркелді. Үміткерлер арасында – Илья Ильин, Элизабет Тұрсынбай, Ғалымжан Бәйімбет, Қамшыбек Қоңқабаев, Сағатбек Қуанышбайұлы және Мағжан Ералиев сынды жастар бар.
Өткен 2017 жылы Сыр өңірінен 4 азамат республикалық деңгейдегі жобаның жеңімпазы атанған еді. Олар – хирург-дәрігер Болатбек Баймаханов, тоғызқұмалақшы Әсел Дәлиева, селекционер-ғалым Александр Николаевич Подольских және педагог-психолог Сымбат Әбдірахманова. Еске сала кетейік, былтыр облыстан аталған жобаға 84 азамат үміткер ретінде тіркелген болатын.
21 қыркүйек 2018 ж. 805 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области