Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР!

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР!


    2016 жылы Астана қаласында «Казахи» көңілді тапқырлар клубының мүшесі, «Әзіл әлемі» театырның директоры және Қазақстандағы түрлі жобалар мен бағдарламалардың авторы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасымен «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасы бастау алды.
    Сол жылы Қызылорда өңірінен қатысқан Арал ауданының командасы «Арал-Ас» чемпион атанса, жергілікті «Қорқыт құрамасы» командасы 3 орынға ие болған болатын.
    Биылғы жылы сыр өңірінің үлкен жетістігі ол – Қызылорда қаласы әкімінің қолдауымен үстіміздегі жылдың мамырынан бастап «Көңілді тапқырлар алаңы – Қызылорда» жобасы «Қызық Орда» шығармашылық тобы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асып келуде. Бұл жоба облысымызда біршама талантты жастардың өзін-өзі дамытуға мүмкіндік берген жоба деп айтса болады, себебі республикада алғаш филиал болып өз жұмысын Қызылорда бастады.
    Көңілді тапқырлар алаңы жобасының «Маусымашар» фестивалінде 12 команда додаға түсті, сайысқа түсетін командаларға әділқазылар алқасы елімізге танымал азаматтар, атап айтар болсақ жоба жетекшісі Тұрсынбек Қабатов, әнші Гүлнұр Оразымбетова, әнші Төреғали Төреәлі, әнші Жанболат Ербатыров сынды Қазақстан эстрадасының жұлдаздары және жүргізушісі «Әзіл әлемі» театырының актері Қанат Әлжаппаров.
    Күні бүгінге дейін өткен әрбір ойынға қонақ командалар келіп сыр жерінде өз өнерлерін көрсетуде, олар: «13 аймақ», «ММ», «ШуЧу», «Тек қана қыздар» және Қырғызстан Республикасы Ош қаласынан келген «No Name» командалары.
    Қызылорда ашылған филиалдың үлкен жетістігі деп 2017 жылы Астана қаласында өткен «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысында «Қорқыт құрамасы» 2 орынға жіне Алматай Көздібаева атындағы «Көрермендер көзайымы» кубогының иегері атанды.

29 қараша 2017 ж. 977 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области