Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорқыт ата университетінің ең сұлу аруы анықталды

Қорқыт ата университетінің ең сұлу аруы анықталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Университет аруы – 2019» атты сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Байқаудың ерекшелігі қатысушы қыздар тек сұлулық жағынан сынға түспеді. Оларға байқаудың финалына дейін күн сайын психологиялық сабақтар мен ұлтымыздың салт-дәстүрлері, тәрбиесі, мәдениеті жайлы дәрістер оқылды. 2-ші кезеңге 80 қатысушы ішінен іріктеуден өткен 21 ару өз қолдарынан келетін түрлі ас әзірлеп, жәрмеңкеге келушілерге ұсынды. Бұл кезеңде талапкер қыздардың сөйлеу мәдениеті және адамдармен қарым-қатынасына да көңіл бөлінді. Осы сынақтан ең көп ұпай жинап сүрінбей 13 ару ақтық сынға жолдама алып, гала концертте 5 кезең бойынша бақ сынасты.
Атап айтсақ, ақтық сынның алғашқы кезеңінде аруларды таныстыру болса, одан кейін өз өнерін көрсету сәті болды. Сыр сұлулары іскерлік стильдегі киім үлгісінде сән көрсетіп, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Оған қоса, қорытынды кезеңде кешкі көйлектермен дефиле көрсетті.
Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша бас жүлдені ДО-18-1 оқу тобының студенті Нұрайым Қабден жеңіп алып, «Университет аруы - 2019» атанды. Балжан Әбдікәрімова «1 Вице мисс», Нұржайна Жұматай «2 Вице мисс», Аружан Алпарова «3 Вице мисс» номинациясымен марапатталды.



29 наурыз 2019 ж. 675 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области