"УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ - 2018" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Университет аруы - 2018" байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқауға барлығы 50 үміткер атсалысып, оның 13-і ақтық кезеңге өткен болатын.
Шараны білім ордасының Жастар ісі жөніндегі комитетінің жанынан құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымдастырды. Негізгі мақсаты – арулардың арасынан шығармашылығы шыңдалған, жан-жақты білімді тұлғаны анықтау.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдерімен, өнерлерімен қоса, сұлулықтарымен, назды қылықтарымен көрермендерді баурап алды. Сонымен қатар, қазақы салт-дәстүрді жетік меңгергендіктерін де анық байқата алды.
Бірнеше кезеңнен тұратын бәсекелі байқауда Айдана Нұркен - "Зерделі ару", Аружан Таубай - "Мейірімді ару", Дилара Мұхтар - "Қылықты ару", Гүлсезім Ниязбек - "Мінсіз ару", Назерке Жайберген - "Өнерлі ару", Нұрай Ғани - "Асыл ару", Іңкәр Әбдірайымова - "Шебер ару", Ханзада Әлібай - "Сәнді ару", Салтанат Сұлтанбек - "Сүйкімді ару", Дилара Мұхтар - "Көрермендер көзайымы" және Айгүл Нұркенқызы - "Қыз Жібек" номинацияларымен марапатталды.
Сұлулар арасында ерекше көзге түскен арулар жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтқанда «Университет аруы - 2018» байқауының жеңімпазы яғни бас жүлдені Мадина Маратқызы жеңіп алды. Ал жүлделі І орынды Нұрай Ғани, ІІ орынды Айдана Жарылқап, ІІІ орынды Нұрсая Шоланова иеленді.
Сонымен қатар байқауға алпыстан аса демеуші қолдау көрсетіп, қатысушыларға сыйлықтарын табыс етті.