Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалі өтті

Қызылордада «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалі өтті

Kyzylorda-news.kz. Фестивальге Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Татарстан Республикасы (РФ) және Қазақстанның 11 өңірінен қатысушылар жиналды. Сонымен қатар шараға Фариза Оңғарсынова мен Жарасқан Әбдрашевтің туыстары қатысты.

Қызылорда облысында 27-29 мамыр аралығында ақын, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, әдеби сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдрашевтің шығармашылығына арналған «Парасатты поэзия» атты екінші халықаралық фестиваль өтті.
Фестивальге Түркия және Әзірбайжан Жазушылар Одағының мүшесі Мехмед Нури Пармаксыз, Әзірбайжан Жазушылар одағының мүшесі, баспасөз хатшысы Хаял Рза, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Байбота Қошым-Ноғай, Қалқаман Сарин және т.б. қатысты. Сондай-ақ, шараның құрметті қонақтары -Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Алмагүл мен ұлы Алмас Оңғарсыновтар, Жарасқан Әбдірашевтің ұлы Рүстем Әбдірашев пен немересі Әбілхайыр Әбдірашев арнайы келді.
Фестиваль аясында шараға қатысушылар облыстың барлық 7 ауданында болып, кездесулер мен поэзия кештері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының көрікті жерлерін аралап көрді.
Н.Бекежанов атындағы театрда өткен шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр өңірі талайды таңдай қақтырған, Сыр сүлейлері деген атауды ұлттық мәдениет төрінде берік орнықтырған жыршы-жыраулардың, дарабоз ақындар мен шайырлардың мекені екенін атап өтті.
«Ұлы даладағы халықтық дәстүрде шығармашылық адамына деген риясыз ықылас ежелден қалыптасқан. Оларға деген алғаусыз көңілі мен құрметінің шеті де, шегі де жоқ екені баршаға аян. Бір ғана мысал айтайын. Қазір аймағымызда Нартай, Әбділда, Манап, Асқар, Қалтай, Тұрмағамбет, Қарасақал Ерімбет есімдерімен аталатын елдімекендер, білім ордалары бар. Бұл - өнерге деген елдің шексіз ықыласының бір көрінісі емес пе? Жалпы, ойлы сөз саптай білу, сөз қадірін түсіну, құдіретін сезіну, кестелі сөзбен өрнектеу - біздің халыққа берілген үлкен сый», - деді аймақ басшысы.
Поэзия кешінде республикаға белгілі ақындар Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ғалым Жайлыбай, сондай-ақ сырбойылық сөз шеберлері Елубай Әуезов, Ғазиза Әбілда, Назгүл Бердіқожа, Биболат Сәтжан, Ақжол Түменбай, Асылзат Арыстанбек өнер көрсетті.
Шарада өткен жылғы "Ұлы дала үні" фестивалі қатысушыларының шығармалар жинағы мен Жарасқан Әбдірашұлының «Дала, сенің ұлыңмын» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Айта кетейік, аймақ басшысы Қ.Көшербаев "Парасатты поэзия" фестивалінің қатысушыларымен кездесіп, өнер саласын қолдау бойынша өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелесіп, ойларын ортаға салған болатын.



30 мамыр 2019 ж. 475 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области