«Қайсар-КАМ-ҚМУ» Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында гандболдан əйелдер арасында өткен 4-ші клубтық Азия чемпионатында қызылордалық «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командасы жеңімпаз атанды.
Команда жүлделі І орынды қанжығаларына байлады.
Жарысқа Солтүстік Корея, Өзбекстан, Алматының «Алматы» гандбол клубы жəне «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командалары қатысты.
Нəтижесінде қызылордалық команда 12 ұпаймен жеңіске жетіп, екінші мəрте клубтар лигасының Азия чемпионы атанды.
Команда бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеславтың айтуынша, команда 3 рет клубтық Азия чемпионатына қатысып, оның екеуінде жеңіске жеткен. Ал бірінде күміс жүлдені иеленген.
Бұл жарыс нәтижесімен команда 1-4 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өтетін клубтар лигасы арасындағы Əлем чемпионатына жолдама алды.