Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар сайысқа түсті

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар сайысқа түсті

Kyzylorda-news.kz. «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда қалалық пробация қызметімен бірлесіп есепте тұрған азаматтар арасында спорттық сайыс өткізді.

Сайысқа пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарды және түзеу мекемесінен босап шығып келген азаматтар қатысты. Мақсат – оларды қоғамға бейімдеу және олармен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Аталған спорттық шараға есепте тұрған барлығы 30-ға жуық сотталған азаматтар қатысып, олар өз бейімдеріне қарай футбол, шахмат, дойбы сынды ойын түрлерінен жарысып, бақ сынасты. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалануды, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен спорттық бәсеке тартысты өтті.
Сонымен қатар, ойыншылар арасынан үздіктер анықталып, олар «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарымен марапатталды
11 шілде 2019 ж. 470 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области