Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады

Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық Илья Ильин де Олимпиадаға қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Допинг дауынан кейін кәсіпқой спорттан қол үзіп қалған жерлесіміз жақында қайта шақырту алды. Кәсіпқой ауыр атлет бапкерін алмастырып, жаттығудың жаңа бағдарламасын жасаған. Біртіндеп жазғы ойындарға қажетті ұпайды жинауға кірісті. Жуырда Қазақстан спартакиадасына қатысып, 102 келіге дейінгілер арасында топ жарды. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 370 келілік зілтемірді көтерді.
Бірақ өзі көрсеткішке көңілі толмайтынын айтады. «Алдағы бір жылда тынбай жаттығып, жүлдегер атануға қажетті деңгейге жету керек», - дейді.
«Токио Олимпиадасына жүлде үшін ғана барамын. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келеді. Тәжірибем жеткілікті. Физикалық бабым да жақсы. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін», - дейді Илья Ильин, әлем чемпионы.

23 тамыз 2019 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области