Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР КУӘЛІК ИЕЛЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР КУӘЛІК ИЕЛЕНДІ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Мұз айдыны» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мерекесі қарсаңында қызылордалық жас мәнерлеп сырғанаушылар көрсетілім қойды.
    Республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жетістіктеріне орай спортшыларға жасөспірімдік разряд куәліктері табысталды.
    Шарада Манас Бекташов, Алина Жанділдаева, Диана Жармұхамедоваларға I жасөспірімдік разряд табысталса,  Ариана Дигай, Жансая Есен II жасөспірімдік разряд, Аянат Қасымова, Нұрай Нақып, Малика Жармұхамед,  Қымбат Мұхамеджанова, Амина Сұлтан III жасөспірімдік разряд иеленді.
    Айта кетейік, жақында Алматы қаласында өткен халықаралық турнирде облысымыздың жасөспірімдер құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 4 жүлдемен оралған болатын.

21 желтоқсан 2017 ж. 705 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области