Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылық полицей республикалық спартакиададан жүлдемен оралды

Қазалылық полицей республикалық спартакиададан жүлдемен оралды

Kyzylorda-news.kz. Павлодар қаласында ҚР ІІМ VIII Спартакиада және «Динамо» ФСО бағдарламасында жауынгерлік қарудан жарыс өтті.
Үш күнге созылған сайыста 17 аумақтық Полиция департаменттерінің және Көліктегі Полиция департаментінің өкілдері, сонымен қатар ҚР ІІМ, ҚР ҰҚБ, ҚР ҰҚБ Шекара қызметі, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының өкілдері қатысты.
Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте жауынгерлік қарудан ату бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Айнұр Тен ІІІ орынды иеленді. Бұл сайыста мерген Айнұр жоғары деңгейде өз шеберлігін көрсетіп, қоғамдық тыныштық пен халықтың қауіпсіздігінің күзетінде тұратын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығы талапқа сай екендігін дәлелдеп берді.
Марапаттау рәсімінде оған диплом мен сыйлық табыс етілді.
20 қыркүйек 2019 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области