Қызылордада шағын футболдан қайырымдылық ойыны ұйымдастырылды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада шағын футбол ойын ұйымдастырылды. Оған 23 команда қатысты. Қайырымдылық футболы «Евразия» және «Сейхун» мәдени спорт кешенінде өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік екендігін ескерсек, еріктілер жылы аясында облысымыздың белсенді жастары алаңда доп теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын көрсетті.
«Бүгін – қайырымдылықты жанына жалау етіп, масылдықты жою мақсатында аянбай тер төгіп жүрген жастардың басы қосылды. Турнирдің басты мақсаты – Сабалақ саяжайында үйі өртеніп, үйсіз қалған жас отбасыға көмектесу яғни турнирден жиналған қаржыны жас отбасыға табыстаймыз», - дейді турнирдің ұйымдастырушылары.