Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық боксшы қыздар ел чемпионатында 4 медаль иеленді

Қызылордалық боксшы қыздар ел чемпионатында 4 медаль иеленді

Kyzylorda-news.kz. Павлодар облысы Екібастұз қаласында бокстан 2002-2003 жылы туылған жастар жəне 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.Ел чемпионатына барлық өңірден 250-дей боксшы қыз қатысып, шаршы алаңда бақтарын сынады.
Бұл жарыста қызылордалық боксшы қыздар өнер көрсетіп, облыс қоржынына 4 медаль салды.
2002-2003 жылы туылған жастар арасында 81 келі салмақта сынға түскен Əсел Сағатова Қазақстан чемпионы атанса, Арайлым Бақытжанқызы (+81 келі) күміс жүлдеге ие болды.
2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Нұржауған Төрешова (46 келі) екінші, Ақгүл Ирзаева (48 келі) үшінші орындарды иеленді.
Спортшы қыздарды Бейбіт Сағындықов, Самат Байекешов, Асхат Жеңісбеков, Шахноза Исаханова, Бақытбек Құлбаев, Мақсат Мыңжасаров жаттықтырады.

03 ақпан 2020 ж. 423 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области