Қазақстан чемпионатында қызылордалық балуандар бірінші орынды жеңіп алды
Kyzylorda-news.kz. Маңғыстау облысы Ақтау қаласында қазақ күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпинаты өтті.Бұл додадан қызылордалық боз кілем шеберлері үздік көрсеткішпен оралды.
Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков бастаған Сыр балуандары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Жерлестеріміз 42 келі салмақта Мейіржан Ержігіт пен 75 келіде Мұхамеджан Бейсенбай Қазақстан жеңімпазы атанды. Қос спортшы ақтық белдесуде Түркістан облысының спортшыларымен кездесіп, Мейіржан айқын басымдықпен жеңсе, Мұхамеджан таза жеңіспен тізе бүктірді.
55 келіде өнер көрсеткен Мұрат Тілекжан мен 75 келіден жоғары салмақта Мақсат Елеусинов күміс, 38 келіде Мырзабек Мұстафаев қола жүлделерге ие болды.
Спортшылар алдағы уақытта халықаралық жарыстарға дайындалады.