Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда мұз астынан балық аулау турнирі өтті

Аралда мұз астынан балық аулау турнирі өтті

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының ұйымдастыруымен балық ресурстарына ұқыпты қарауды көрсету мақсатында "Aral Fish" мұз астынан қысқы балық аулау турнирі өткізілді.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Жұбанов қатысып, жарысты өткізудің тиімді тұстарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз сөз алып, сайыстың мақсаты мен ережелерін түсіндіріп өтті.
Турнирге Қызылорда, Байқоңыр, Арал қалаларынан барлығы 18 команда құрамында 100-ге жуық әуесқой балық аулаушылар қатысты.
Іс-шара барысында командалық және жекелей сынақ бойынша және «Жарыстың ең жас қатысушысы» «Жарыстың ең тәжірибелі қатысушысы», «Ең жылдам мұз қазушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Cайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы медальдар табысталды.
Командалық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды I орынды «Зенит» командасы жеңіп алды. Жүлделі II орынды «Живцы» командасы иеленсе, III орынға «Рыболовные воиска» командасы ие болды.



25 ақпан 2020 ж. 380 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области