«АҚТӨБЕ» ҮШІНШІ ҚҰРАМЫМЕН «ҚАЙСАРДЫ» ҰТЫП КЕТТІ
Қазір проблемалардан бас көтере алмай жүрген «ақ-қызылдар» Қызылордаға жастарын жіберді. Яғни, «Қайсарға» қарсы «Ақтөбенің» екінші емес, үшінші құрамы ойнаған.
Бірақ «қасқырлар» қарсыластарына азуын батыра алмады. Көптеген мамандар бұл ойында алаң иелері сенімді жеңіске жетеді деп болжаған. Алайда үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
75-минутта қонақтардың шабуылшысы Абат Айымбетов «Қайсардың» үш қорғаушыдан сытылып өтіп, айып алаңына кірген. Сол тұста алаң иелері ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Асыланбек Кәкімов мүлт кеткен жоқ. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. 0:1 – «Ақтөбе» жастары сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.