Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШӘРІПОВА БЕЛДІКТЕР САНЫ БОЙЫНША ГОЛОВКИНДІ БАСЫП ОЗБАҚ

ШӘРІПОВА БЕЛДІКТЕР САНЫ БОЙЫНША ГОЛОВКИНДІ БАСЫП ОЗБАҚ

Әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, екі дивизионның белдіктерінің иесі Фируза Шәріпова тағы бір салмақ санатының титулдарын жеңіп алуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
Маусым айында Санкт-Петербургте Шәріповамен кездесу өткізуге аргентиналық Анна Лаура Эстече үміткер болып отыр. Ол - бірінші жартылай орта салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Егер Шәріпова жеңіске жетсе үш салмақта әлем чемпионы болып, Қазақстанның рекордын орнатады. Қазір оның еншісінде екінші жартылай жеңіл салмақтың IBO белдігі, жеңіл салмақтың WIBA және WBU белдіктері бар.
  Қазақстандық боксшының Монакода 24 қазанда екінші жартылай жеңіл салмақта әлем рейтингінің бірінші нөмірі, финляндиялық Ева Вальстроммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды.
Айта кетейік, даңқты боксшы Геннадий Головкин қазір орта салмақтың төрт бірдей белдігіне ие болып отыр: WBC, WBA (Super), IBF және IBO. Егер Шәріпова жеңіске жетсе, ол Головкинді де артқа қалдырады.


18 сәуір 2018 ж. 672 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области