ГОЛОВКИН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ 100 СПОРТШЫНЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

Қазақстандық боксшы әлемдегі ең танымал спортшылар тізімінде 61-орынға жайғасқан. Ал рейтингке бар болғаны 6 боксшы ғана енген. Флойд Мейвезер (кішісі) 14-орында, Энтони Джошуа 46-орында тұр. Ал Генаның басты қарсыласы саналып жүрген мексикалық Сауль Альварес 58-ші орыннан көрінді.
Геннадий Головкин танымалдылығы жағынан филиппиндік Мэнни Пакьяо мен украиналық Владимир Кличконы басып озған.
Әлемдегі ең танымал спортшылар рейтингін португалдық футболшы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында баскетболшы Леброн Джеймс болса, үштікке Лионель Месси енген.
Ең танымал спортшылар жылдық табысы, жарнама агенттіктерімен келісімшарттары, әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны мен іздеу жүйелерінде (google, yandex, т.б.) есімдерінің көп сұралуы бойынша анықталған.