Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ БІРДЕН 335 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ БІРДЕН 335 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісінен кейін Boxrec.com сайтының рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол жартылай орта салмақтағы рейтингте 681-ші орыннан 346-шы орынға бірақ көтерілді. Бірінші орында аустралиялық боксшы, WBO  титулын иеленген Джефф Хорн (18-0-1, 12 КО) көш бастап тұр.
Еске салайық, Лондондағы (Ұлыбритания) бокс кешінің аясында Елеусінов төрешілердің бірауызды шешімімен (60-54) венгриялық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.
Данияр өзінің үшінші жекпе-жегін Лондонда O2 Arena-да өткізеді. Ол 28 шілдеде өтеді, қарсыласы әзірге белгісіз.
Елеусіновтің дебюті 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өткен болатын. Ол америкалық боксшы Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
08 маусым 2018 ж. 687 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области