Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 200 АЛМАТЫЛЫҚ «НҰРСҰЛТАН» ШЫҢЫН БАҒДЫНДЫРДЫ

200 АЛМАТЫЛЫҚ «НҰРСҰЛТАН» ШЫҢЫН БАҒДЫНДЫРДЫ


Алматыда 2А категориялық қиындықта «Нұрсұлтан шыңын» бағындыру альпиниадасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.
Альпиниадаға 12 жастан асқан 5 мыңнан астам адам 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, олардың 200-ден астамы ғана шыңға шыға алды. Қатысушылардың арасында өзге мемлекет қонақтары, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев та болды.
Шараның ашылу салтанатында еліміздің белгілі альпинисті Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеңес берді.
Айта кетейік, альпиниадамен бір мезгілде «Шымбұлақ» таушаңғы курортында скайраннинг спортынан Қазақстан чемпионаты басталды. Бірнеше жас айырмашылық бойынша 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардын бірі, жүлделі орын алған Рауан Абылханов өз ойымен бөлісті.
«Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша - бірінші, ал «абсолютте» үшінші орын алдым. Уақытым - 1 сағат 53 минут», - деді әскери институтынын сержанты Рауан Абылханов.
Скайраннингтің барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздары медальдармен, ал альпиниада қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Аталмыш шаралар салауатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.



09 шілде 2018 ж. 477 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области