Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГРЕК-РИМ ШЕБЕРЛЕРІ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІН ЕКІНШІ ОРЫНДА АЯҚТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГРЕК-РИМ ШЕБЕРЛЕРІ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІН ЕКІНШІ ОРЫНДА АЯҚТАДЫ

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні жас балуандарымыз ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы алтынды грек-рим күресінің шебері Ғалым Қабдынасаров жеңіп алды. Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғаған болатын. Отандасымыз финалда ирандық қарсыласын ұтып, Азия чемпионы атанса, екінші алтынды ел қоржынына 67 келіде күрескен балуан Мерей Бекенов салды. Ол алтын медаль үшін болған белдесуде қырғызстандық балуаннан айласын асырды.
Ал 82 келі салмақта күрескен Станислав Рыльский Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Азия чемпионатының алғашқы екі күнінде бозкілемде белдескен грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше грек-рим күресінен жас балуандарымыз жарыстың алғашқы күні 4 медаль жеңіп алғаны туралы айтқан болатынбыз. Міне, жарыстың екі күннен кейінгі нәтижесін қоса есептегенде Қазақстанның жас балуандары 2 алтын, 5 қола медальмен командалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орында - Иран. Үздік үштікті Қырғызстан балуандары қорытындылады. Бүгін бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.




21 шілде 2018 ж. 775 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области