ГОЛОВКИН-АЛЬВАРЕС: БИЛЕТ ҚҰНЫ 52 МЫҢ ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ

Алдымыздағы 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жек билеттер құны 566 мен 52 000 доллар арасында болады. Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.