АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

Сайыс спорттың 10 түрінен волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандболдан өтеді.
Мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау.
Айтулы спорт бәсекесі 21 тамыз күні қорытындыланады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының әкімдігі.
Спорт ойындары 18 тамыз күні 10.00-де басталса, 19.00-де «Евразия» СК салтанатты ашылуы өтеді.