Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Конститутция күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесі басшылығының ұйымдастыруымен шағын футболдан спорттық сайыс өтті.
Спорттық шараның мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен патриоттыққа шақыру.
Сайыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнімен басталды. Мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев қызметкерлерді мерекемен құттықттап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң аталған департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жамуров және ардагерлер кеңесі мүшесі Л.Шабаев мерекелік лебіздерін білдірді.
Сергектікті серік еткен жеке құрам қызметкерлері 7 команда жасақтап, спорттың шағын футбол түрінен бақтарын сынады. Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда қаншалықты маңызды рөл атқаратыны бәрімізге мәлім. Бұқаралық спортты дамыту, денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында.
Спорттық шара аса тартысты өтті. Ойын барысында командалар мықтылықтарын, ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталса, қатысушы командалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Соңында сайыс қатысушылары мен келген қонақтар осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылуына тілектестік білдірді.

А.ТҰРМАНОВ,
кадр жұмысы тобының
КҚД жөніндегі аға инспекторы
әділет аға лейтенанты






01 қыркүйек 2018 ж. 1 081 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области