Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ФУТБОЛШЫЛАРҒА ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕДІ

ФУТБОЛШЫЛАРҒА ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕДІ


Облыс әкімі Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубының жаттығуын тамашалап, спортшылар мен команданың жаттықтырушы құрамымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы футболшыларға жаңа жеңістер тіледі.
«Қазір орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары сапа стандарттарының талаптарына сай өз деңгейінде жүргізілуде. Келесі жылы Сол жағалауда 3500 орынға арналған жабық алаңның құрылысы басталады», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, ойыншылар жанкүйерлердің үмітін ақтауға уәде берді.
Еске сала кетейік, бүгінде «Қайсар» командасы ҚР чемпионатының қорытынды кезеңін өткізуде.
Кешегі қарағандылық «Шахтерға» қарсы матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды 3 айналым бойынша бүгінде 4 матч өткізіп, ойыншылар 7 ұпайға ие болды. Алда тағы 7 матч өткізетін болады.
Естеріңізде болса, маусым басында облыс әкімі футболшыларға кемінде бесінші орында болуды тапсырған еді.
Атап өтейік, биыл «Қайсар» клубының құрылғанына 50 жыл толады.





24 қыркүйек 2018 ж. 610 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области