Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ – 2018» СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ – 2018» СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


4-7 қазан аралығында ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз -2018» XXХІІІ облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.
Аудандық «Салтанат» сарайында ұйымдастырылған спартакиаданың қорытынды жиналысына аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов қатысып, жиналғандарды құттықтады.
– Еліміз дені сау ұлт ретінде дамуды басты бағыт ретінде таңдады. Спорт – тек салауаттылықтың негізі ғана емес, бірлік пен күш – қайрат, елжандылық салтанат құратын орта. Спорт - мемлекеттің мәртебесін көтеріп, рухын асқақтататын қуатты күш. Бұқаралық спортты дамытуды Елбасы алдымызға мақсат етіп қойды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жарыстарда тек жеңіс тұғырларынан көрінейік, – деді Бауржан Лепесұлы.
Шиелі ауданында ұйымдастырылған «Алтын күз -2018» XXХІІІ облыстық спартакиадасында спорттың 16 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, қол добы, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел тениисі және президенттік көпсайыс бойынша өткізілді.
Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды Шиелі ауданының командасы, ІІ орынды жаңақорғандықтар, жүлделі ІІІ орынды Қазалы ауданының командасы қанжығасына байлады. Шара соңында барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталып, женімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.



08 қазан 2018 ж. 806 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области