Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Қайсар" футбол клубының құрылғанына - 50 жыл

"Қайсар" футбол клубының құрылғанына - 50 жыл

Мерейтой қарсаңында "Ақтөбені" 2:0 есебімен ұтып, команда маусымды жеңіспен аяқтады. Екі ұпай жинаған "қайсарлықтар" турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болып, өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бір сатыға жоғары.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік шараға жанкүйерлер, ойыншылар мен команда ардагерлері, соның ішінде 20 жыл бұрын ҚР Кубогын жеңіп алған "Қайсардың" алтын құрамы қатысты.
"Қайсар" жанкүйерлер алдында беделге ие және қандай да жағдайларға қарамастан әрдайым өз абырой биігінде қалады. Клубтың бойтұмары ретінде қайсарлық, еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылу символы - дала қасқырының таңдалуы бекер емес. Қазіргі таңда жергілікті кадрларды тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Қайсар" футбол орталығында 400-ден астам жасөспірім жаттығады, біз оларды "Қайсар" мен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында көреміз деп үміттенеміз", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
Облыс әкімі "қайсарлықтарға" келесі жылы медаль алып, Еурокубокта өнер көрсетуін тіледі.
Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып ұжымнан бөлек тағы бір фарм-команда құрды. "Байқоңыр" футбол клубында 100% жергілікті футболдың тәрбиеленушілері ойнайды.
5 жыл бұрын "Қайсардың" базасы қайта жаңартылып, заманауи қосалқы алаң салынды, бүгінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Қызылорда фуболшыларына басты сыйлық - Сырдарияның сол жағалауында жаңа жабық стадион салынады.



14 қараша 2018 ж. 545 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области