«Қайсар» Түркияда «Крылья Советов» командасымен ойын өткізеді
Қызылордалық «Қайсар» командасы Түркия елінде Ресейдің «Крылья Советов» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда «Қайсар» командасы Түркия елінде екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл оқу-жаттығу жиынында команда ойыншыларының әлеуетін байқайтын болады.
«Қайсар» командасының басшылығы бұған дейінгі оқу-жаттығу жиынында бірқатар шетелдік, қазақстандық және жергілікті футболшылармен келісім-шартқа отырған болатын. Сол бекітілген құрам бойынша екінші оқу-жаттығу жиынына қақпашылар - Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдин, қорғаушылар - Иван Садовничий, Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Ілияс Әмiрсейітов, Марин Оршулич, Олжас Алтаев қатысады. Сондай-ақ, жартылай қорғаныста Марат Хайруллин, Марк Гурман, Джон Арнольд Джошуа, Думан Нәрзiлдаев, Асхат Тағыберген, Мақсат Байжанов, Бекзат Кұрманбекұлы, Тигран Барсегян, шабуылда Өркен Махан, Братислав Пуношевац, Игорь Зенькович, Куле Мбомбо Ричард, Шоқан Абзалов ойын көрсетеді.
Бұл оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» көптеген жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Ресейдің Премьер-лигасында ойнайтын «Крылья Советов» (Самара) командасы да бар. Сондай-ақ, қызылордалық ұжым Ресейдің «Нижний Новгород», «Балтика», Украинаның «Десна», Болгарияның «Царско Село», Грузияның «Вит», «Сабуртало», Түркіменстанның «Алтын Асыр» командаларымен шеберлік байқасады.
Команда 22 ақпанға дейін Түркияда жаңа маусымға әзірлігін жүргізеді.