Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада асық атудан жарыс өтті

Қызылордада асық атудан жарыс өтті

Қызылордада асық ату мен бес асықтан жасөспірімдер мен ересектер арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық ойын түрінен өткен жарысқа 60-қа жуық ойыншы қатысты. Жиылған жұрттың назарын аударып, ойын көркін қыздырғандардың қатары көп болды. Солардың бірі 55 жастағы Райхан Наукеев. Оның көздеп атқан сақасы діттеген жерге дөп тиіп, жарыста сұрмергеннің ептілігі ерекше байқалды.
«Бала кезде ойнап өскен ойынымыз. Ауыл ішінде өзімнің «мерген» деген атым болған. Осы аула ойынын қазір біз қала балаларының арасында көптеп енгізуіміз қажет. Қазіргі балалар компьютер ойындарына кіріп, еш қимылсыз, дене жаттығуынсыз отырады. Ал осы ойынды бір-бір жарым сағат далада таза ауда ойнаса, баланың миы да демалады, денесі де жаттығар еді», - дейді №235 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Райхан Наукеев.
Облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан бұл сайыстан жеңімпаз атанғандар республикалық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алады.
Асық ойыны баланың жүйке жүйелерін жастайынан шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Баланы ептілікке баулитын бұл ойын түрін насихаттау бүгінде қолға алынуда. Ұлттық ойын түрінен өткен бұл сайыс аудандардан келген командалардың бір-бірінен тәжірибе алмасуына таптырмас мүмкіндік болды.
07 ақпан 2019 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области