Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Элизабет Тұрсынбаева Красноярсктегі қысқы Универсиадаға қатысады

Элизабет Тұрсынбаева Красноярсктегі қысқы Универсиадаға қатысады

АҚШ-тағы "Төрт құрлық чемпионатын" күміс жүлдемен аяқтаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева алдағы уақытта Красноярскте өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады. Отандық жанкүйерлер Лизаның жетістігіне қуанып, оған алдағы бәсекелерде сәттілік тілеуде.

Ресейлік маман Этери Тутберидзенің тобында жаттығатын Элизабет Тұрсынбаеваның жаттықтырушысы Сергей Дудаков Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спортшының алдағы жоспарлары туралы айтты.
"Төрт құрлық чемпионатынан" кейін Тұрсынбаева қысқы Универсиада ойындарына қатысады. Біз сол бәсекеде төрттік сальховты орындауды жоспарлап отырмыз. Қысқы студенттер ойыны аяқталған соң, Жапонияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Әлемдік додада жақсы нәтижеден үміттіміз. Қандай да бір тосын жайттарсыз, бір деммен өткізсек деген ойымыз бар. Ал содан соң, биылғы маусым аяқталады. Маусымаралық үзілісте Лизаға жаңа әуен, жаңа образ таңдап, жаңа бағдарлама дайындаймыз. Элементтерді орындау техникасын жақсарту басты мақсатымыз", - дейді Сергей Дудаков.
Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева "Төрт құрлық чемпионатында" қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, күміс медаль алды. Бұл біздің спортшының маусымдағы ең үздік нәтижесі.

12 ақпан 2019 ж. 524 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области