Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылар арасында әскери спорттық сайыс өтті

Оқушылар арасында әскери спорттық сайыс өтті

Қызылорда қаласының №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп -лицейінде «Бүгінгі күннің батырлары» тақырыбында әскери - спорт түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Оған қаладағы №5, №8, №39, №120 №257, №136 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жарыстың ережесі бойынша 6 ер бала, 3 қыз баладан құралған жеті топ мүшелері, әскери спорттың бөлімше бойынша саптық қозғалыстары мен бұрылыстары, АК-74 қаруын жартылай бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды жинақтау, газ тұмшасын кию, арқан тарту секілді шарттардың барлығын орындап, белсенділік танытты.
Жүлделі орын алған сайыс қатысушыларына қонақтар тарапынан дипломдар, мақтау қағаздар, үздік грамоталар табысталды.
Сонымен қатар, арнайы шараға келген қонақтар легі әскери тіркеуде тұрған азаматтарға әскери куәлігін табыстай отырып, Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды.


21 ақпан 2019 ж. 881 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области