Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

«Біз – болашақ сарбаздар» атты әскери-патроттық сайыс ҚР Қарулы күштерінің 26 жылдығына орай ұйымдастырылды.
  Аталған шараның «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі аудандық білім бөлімінің қолдауымен өткізгенін айта кеткеніміз жөн.
  Мектеп оқушылары тартысты өткен бәскеде өз қабілеттерін көрсетті. Атап айтқанда олар 100 метрге жүгіру, противогаз киіп-шешу, автоматты уақытқа шашып-жинау, пневматикалық винтовкадан ату, қол күресі, арқан тарту және гір тасын көтеруден бақ сынасты.
Автоматты уақытқа шашып-жинау бойынша аудандағы №183 мектептің оқушысы Ә.Алтынбеков жылдамдық танытып, алдына қара салмады. Ал II орынды Е.Әуесханов (№250 мектеп), ал келесі жүлделі орынды А.Сақтапберген (№26 мектеп) жеңіп алды. Гір тасын көтеруде №183 мектептің оқушысы Е.Тұрымбетов алдына жан салмады. Келесі орынға М.Тиянақов (№121 мектеп) тұрақтаса, III орынға А.Қослоқов (№27 мектеп) лайық деп танылды.
Противагаз киіп-шешуден №183 мектеп командасы жеңіске жетті. Жүз метрлік қашықтыққа жүгіруде бәйгені №26 мектеп оқушысы И.Елубай жеңіп алды. Желаяқ А.Алтынбековке (№183 мектеп) келесі орын бұйырды. Р.Демеуовке (№27 мектеп) ІІІ-орынды міс тұтты.
  Ал арқан тарту сайысынан №27 мектеп командасы жеңімпаз атанды. Пневматикалық винтовкадан атудан А.Бостанов қатарластарынан оқ бойы озық шықса, қол күресінен I орынды М.Тиянақов жеңіп алды.
  Қызықты өткен шара соңында жеңімпаздар аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
  Айта кетейік, Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Нысанбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция потрульдік тобының полиция аға лейтенанты А.Жұмабаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Еркешов сайысқа төрелік етті.
Сайыстың түпкі мақсаты жастардың бойындағы отаншылдық сезімді нығайту, әскери қызметті насихаттау, еліміздің қарулы күштерінің имиджін арттыру және жастар бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту десек, шара мақсатына жетті.



23 сәуір 2018 ж. 917 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области