ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ
Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназияда "Мен елімнің ертеңімін" атты облыстық сурет байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
Шараға аудан мектептерінің 5-7 сыныптарда оқитын жас суретшілері қатысты.
Болашақты баяндаған бәйгеде қаладағы №73 мектеп оқушысы Әсел Теңізбай жеңімпаз атанып, облыстық сайысқа жолдама алды.
Екінші орынды №220 мектеп оқушысы Ұлпан Көлдеева мен №19 мектеп оқушысы Ақмарал Жеткергенова иеленді. Үшінші орын жүлдесі №14 мектеп-лицей оқушысы Нұрайым Абуалиқызына, №65 мектептен Арайлым Жантасқа және №262 мектеп-гимназия оқушысы Жұлдыз Серікқалиеваға табысталды.