«Қайсардың» құрамына португалдық ойыншы қосылды
Қызылорданың «Қайсары» құрамына португалдық Карлос Мигель қосылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 жасар Карлос Мигель (Карлитос) жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғайды. Атақты "Бенфиканың" түлегі осы кезеңге дейін 6 клубтың намысын қорғаған. Карлитостың футболдық мансабының басым бөлігі Кипрде өткен. Онда "Апоэл", "АЕЛ", "Анортосис" секілді белді клубта өнер көрсеткен. Футболшы "Қайсарға" дейін Польшаның "Висла" командасында ойнаған. Карлитос мансабында 176 ойын өткізіп, 20 гол салған.