Тоғызқұмалақтан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қызылордада 2-6 наурыз аралығында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Биыл он екінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Болгария, Моңғолия, Босния және Герцеговина, Қазақстанның әр өңірінен келген 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Олардың арасында 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 14 спорт шебері, 70-тен аса спорт шеберіне үміткер спортшылар болды. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізілді.
Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 7 жастағы қызылордалық Құлмұханбет Қашқынбай ие болса, «Тарлан ойыншы» номинациясымен 68 жастағы Тереңөзек кентінің тумасы Мектепхан Елеусінов марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Турнир нәтижесі:
15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар:
I орын Жәмиля Баилдяшева (Павлодар)
II орын Бекзат Әмір (Қызылорда)
III орын Ақерке Құдайберген (Түркістан)
15 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар:
I орын Дамир Ахметов (Сырдария)
II орын Элдияр Далиев (Түркістан)
III орын Жантөре Аманқос (Сырдария)
Әйелдер арасында:
I орын Ақерке Кенжебекова (Сырдария)
II орын Лина Каримова (Түркістан)
III орын Балнұр Айжарық (Қызылорда)
Ерлер арасында:
I орын Бексұлтан Бостандықов (Сырдария)
II орын Бауыржан Абылайханов (Павлодар)
III орын Ермұхамед Әлайдар (Жаңақорған)