Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АЗАМАТ» КОМАНДАСЫ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«АЗАМАТ» КОМАНДАСЫ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ


«Евразия»спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өткізілді.
  Турнирді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор.
  Биыл жиырма екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 19 команда қатысты.
  Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық«Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Зенит» командасын ұтты.Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды.
  Үшінші орынды «Ынта», төртінші орынды «Олимпик» командалары еншіледі. Айта кетейік, жүлделі орындарды Қызылорда облысының командалары алды.
  Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен Қанат Жұмабеков («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» - Кирилл Ермолов («Ынта» командасы), «Үздік шабуылшы» - Андрей Шлема («Зенит» командасы), «Мерген ойыншы» - Дмитрий Давыдов («Олимпик» командасы), «Үздік ойыншы» - Нұрәлі Байдулла («Азамат» командасы)марапатталды.
  Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.




27 наурыз 2018 ж. 762 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области