WBC Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақытын жариялады
Орта салмақта бірқатар ұйымның тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин маусым айында келесі кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, GGG 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында жекпе-жек өткізеді. Ал қарсыласының есімі кейінірек белгілі болады.
Шетелдік БАҚ деректеріне қарағанда, Головкин не француз боксшысы Хассан Ндам Нжикаммен, не болмаса канадалық Стив Роллспен айқасады. Кеше ESPN журналисі Дэн Рафаэль Головкин алдағы жекпе-жегін 164 фунт салмақ санатында титулсыз өткізуі мүмкін екендігін жазған еді.