Геннадий Головкин мен Стив Роллс көз арбасты

Былғары қолғап шеберлерінің жүздесуі Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында ұйымдастырылған алғашқы баспасөз-мәслихатынан соң өтті. Боксшылардың жекпе-жек тап осы алаңда 8 маусым күні өтеді.
Олар 164 келіге дейінгі аралық салмақта бақ сынасады. Қазақстандық боксшы үшін бұл DAZN стриминигтік сервисімен жасалған 6 келісімшарттың алғашқысы болмақ.
Айта кетейік, Геннадий өзінің соңғы кездесуін 2018 жылдың 15-ші қыркүйегінде өткізді. Ол кездесуді төрешілердің басым даусы бойынша Сауль Альвареске (51-1-2, 34 КО) ұтылып қалды. Роллс соңғы рет рингке 15 желтоқсанда шығып, америкалық Кеандре Лезервудты (21-6-1, 13 КО басым дауыспен жеңді.