Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды

Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды


Kyzylorda-news.kz
. Киелі Қармақшы жерінде самбодан ересектер арасында КСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған ХХIV халықаралық мемориалға Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен еліміздің барлық өңірінен 9 салмақ дәрежесі бойынша 150-дей боз кілем шеберлері қатысты, деп хабарлайды «Сыр бойы».
Жыл сайын 9-мамыр қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан аталмыш спорттық мерекенің ашылу салтанатына қатысқан облыстық Мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов ел басына күн туған жылдары ел қорғаны болған аталар рухына тағзым етіп, осындай тағылымды спортық шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтса, Самбо күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Қаймен Есендияров самбо күресіне елеулі еңбек сіңірген бір топ сала мамандарына, атап айтар болсақ Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әділбек Серікбаевты «Самбо күресінің Құрметті ардагері» медалімен, ал Қазақ күресінің әлем, ал самбодан бірнеше рет халықаралық жарыстар жеңімпаздары Бауыржан Райсов пен Ғалымжан Әбдірахмановты «Самбо саңлағы» медалімен марапаттады.
Міне, спорт сүйер қауымның да асыға күткен жарысы да бастады. Жосалы кентінің бас спорттық кешенінде жайылған қос кілем үстіне алғашқы болып 52 және 57 келі және басқа да салмақ дәрежелері бойынша шақырылған палуандар өзара белдесулерді бастап та кетті.
Қармақшылықтар мен жарыс қонақтарына спорттық мереке сыйлаған айтулы шараның бірінші күні топтық және жартылай финалдық белдесулер өткізілсе, жарыстың келесі күні «Сен тұр мен айтайын» дегендей, өз салмағында оза шапқан палуандар ақтық белдесулер өткізді. Әрине, олардың арасында түрлі халықаралық, тіпті байрақты жарыстар жеңімпаздары мен жүлдегшерлері де бар болатын.
Міне, өздерінің үздік тәсілімен, қызықты да тартысты белдесулерімен талайды таңқалдырған палуандар, оның ішінде Әлем, Азия жеңімпаздары Ғадлымжан Әбдірахманов, Мақсат Исақабылов, Ержан Абдуллаев және Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерінде өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанған палуандар самбо күресінің тамаша үлгісін көрсетіп, көрермен көзайымы атанды.
Енді екі күнге созылған спорттық мереке қорытындысына келер болсақ, 52 қызылордалық Дәулет Тұрғанов, 57 келіде алматылық Асхат Балтабаев, ал 62 келіде қарағандылық Рахат Жаңаниет жеңімпаз атанса, 68 және 74 келіде қызылордалық боз кілем шеберлері Ерлан Жақсыбеков пен Ғалымжан Әбдірахмановтардың мерейі үстем болды.
Сонымен бірге, 82 және 90 келіде Арапхуа Ғайбалиев пен Мұрат Баймұраторвтар өз салмақтары бойынша І орын иегері атанса, 100 келіде өзбек палуаны Нодир Мерхаликов, ал 100 келіден жоғары салмақта Ресейден келген Аслан Калибаев жеңімпаз атанды.
Қызылордалықтар арасында Ержан Абдуллаев пен Жайдар Есенов, Дамир Әбдеков, Олжас Талапбекұлы және Марат Баймахановтар өз салмақтарында ІІ және ІІІ орын жүлдегері атанды.
Мемориал соңында жылдағы дәстүрмен жарыс демеушілерінің ұйымдастыруымен өткізілген түйе палуандар сайысына қатысқан 16 түйе палуан пекі топ бойынша өзара белдесулер өткізіп, ақтық белдесуге шыққан Мақсат Исақабылов шымкенттік Нұрдәулет Мыңғышовты таза жеңіп, демеушілер тағайындаған 2 млн, теңгені қанжығасына байлады.
Ал, ІІ және ІІІ орын иегерлері шымкенттік Нұрдәлет Мыңғышов пен ресейлік Аслан Калибаевтар да ақшалай жүлдемен марапатталды.
06 мамыр 2019 ж. 635 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области